268 адам электронды мемлекеттік тіркеу кодын енгізбеген

262
фото Baribar.kz

Шымкентте 268 адам мекен-жай туралы кітапшасына электронды мемлекеттік тіркеу кодын енгізбеген. Салдарынан, олардың тұрғылықты жері мен өзге де тиісті жеке басына қатысты ақпараттары анықталмай отыр. Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласы Полиция Департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшлығы мәлімдеді.

Айтуларынша, бұл мемлекеттік тіркеу коды тұрғындардың өздері үшін тиімді. Сондықтан, уақыт жоғалтпай тез арада халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп, жүйеге енгені жөн. Және мамандар бұл жобаға мыңдаған адамның кешеуілдеуін қаланың аумағына енді ғана енген аудан тұрғындарының қадамынан көреді.

Қуаныш Исаев, Шымкент қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығының орынбасары: «Мемлекеттік тіркеу кодынан өздеріңіз жайлы мәліметтерді толық ала аласыздар. Ал егерде бұл болмаған жағдайда мәліметтер алу өте қиын. Өздеріңіз жайлы мәлімет шықпайды. Үйге қанша азамат тіркелгені жайлы немесе өздеріңіз жайлы сол мемлекеттік тіркеу арқылы алуға өте көп мүмкіншіліктер бар».

Мөлдір Бекеева