Есірткіқұмарлар ұсталды

330

Отырар АПБ ЖПҚ-нің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Алфараби Алшериевке жергілікті тұрғын арызданып, өзінің үйінде бірге тұратын туысының күнде ішімдік ішіп, есірткі тектес өсімдіктерді пайдаланып, тыныштықтарын алатынын айтады.

Болған жайтты жәбірленушіден естіген А.Алишеров тез арада Отырар АПБ-не хабарласып, бөлімнің жедел тергеу тобын жіберуін сұрап, хабарламасы тіркеледі. Келіп түскен хабарлама бойынша тез арада тәжірибелі полицейлерден шұғыл тергеу тобы құрылып, Отырар АПБ-і бастығының орынбасары полиция майоры Бақытжан Алпысбаев толық құраммен күдікті тұратын үйге тексеру жұмыстарын жасайды. Осы негізде күдікті ретінде анықталған азаматтан есірткі затына ұқсас заттар табылып, айғақты зат ретінде алынды.

Аталған жайт, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді. Күдіктіден қолхат алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.
Есірткі затының адам өміріне зиян екенін біле тұра, кейбір азаматтарымыз соны қолданып, қателіктер жасауда. Жоғарыдағыдай жағдай Кентау қаласында да орын алған. Яғни, мұнда да күдіктінің қалтасынан есірткі заты марихуанаға ұқсас зат табылған.

Тарқатып айтар болсақ, Кентау ҚПБ-не ЖПҚ-нің УПИ полиция капитаны Бекзат Қабылбековтың баянаты келіп түскен. Онда, кешкі уақытта Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылдық округінің №19 УПП-де отырған полицей масаң халде өтіп бара жатқан азаматты көріп, оның жеке басын тексеру барысында үстіне киген спорттық күртешесінің оң жақ қалтасынан пакетке оралған, жасыл түсті, иісі өткір марихуаннаға ұқсас зат табылып, заттай дәлелдеме ретінде алынғанын көрсетілген.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілген. Жинақталған барлық құжаттар сотқа жолданған.

 

 

QAINAR KÓZТО ПД баспасөз қызметі