Есірткі сатумен айналысқан мылқау азамат ұсталды

290

Түркістан облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасына, Төлеби ауданының бір тұрғыны есірткі сатумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түседі. Аталған жайт ҚР ҚК 297-бабы «»Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша СДТБТ-не тіркелді.

«Паутина» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, Түркістан ҚПД ЕБҚКБ қызметкерлері Төлеби АПБ-мен бірлесіп, есірткі сатқан күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотты болған, сөйлей алмайтын мылқау жергілікті тұрғын болып шықты. Жедел уәкілдердің анықтауы бойынша, күдікті ретінде ұсталған ер азамат сатып алушылариен телефон арқылы смс-хабарлама алысып, байланыс орнатып, есірткі заттарын өткізумен айналысқан.

Ұсталған күдіктінің үйін тінту барысында, 7 дана қағаз орамасы ішінде өсімдік тектес есірткі заты мен 1 дана сіріңке қорабында героинге ұқсас есірткі заты табылып, тәркіленіп алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес есірткі затына ұқсас заттар 55 гр.асатын марихуана және 1 гр.жоғары геройн болып табылды.

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда, полиция қызметкерлері істің барлық мән-жайын, сондай-ақ есірткі заттарын жеткізу жолдарын анықтауда.

 

QAINAR KÓZТО ПД баспасөз қызметі