ХАЛЫҚ ТҰТЫНАТЫН ӨНІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

598

Халқымыз «Ас – адамның арқауы» деп, қашаннан тамақтануға ерекше мән берген. Адамның тамақтану рационында ет, сүт, жеміс-жидек өнімдері алғашқы орындардың бірінде тұратыны белгілі. Дастарханымыздың әрін кіргізетін осы өнімдердің денсаулығымызға ешбір зиянсыз, сапалы болуын бәріміз қалаймыз. Бүгінгі таңда бәрімізді елеңсіз қалдырмайтын мәселе бұл – азық-түлік, яғни тамақ өнімдері сапасының сын көтермейтіндігі болып табылады.

Қазақстан – сыртқы сауда алаңында экономикасы  жан-жақты  ілгері дамып   кележатқан мемлекеттердің бірі. Америка  ғалымы Дис Сакс: «қандай  бір  ел болмасын, оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай  алған  жоқ»  деп  көрсетеді. Бұл  күнде  сыртқы   саудаға   шекарамыз да, есігіміз де ашық елімізге киім-кешек, азық-түлік, жемістер, цитрус және т.б. тамақ өнімдерінің басым көпшілігі өзге мемлекеттерден, яғни Қытай, Ресей және т.б. тасымалданады. Әкелінген өнімдердің сапасын  айтпағанның өзінде бағасының өзі жаға ұстарлықтай… Тасымалданған өнімдердің қауіптілігі – құрамында ГМО (гендік модификацияланған организм) болуы, жарамдылық мерзімінен тыс ұзақ сақталынуда.

 ГМО дегеніміз не?

ГМО (генетикалық модификацияланған организмдер) биотехнологиялық әдістермен генетикалық құрамы өзгертілген организмдер (көбіне азық-түлік ретінде пайдаланылатын организмдер, өсімдіктер, жемістер). Гендік модификацияланған организмдерді (ГМО) өсіру үшін бір организмнің генін басқа бір өсімдіктің немесе жануардың ДНҚ-сына енгізіп, трансгенизация жасайды. Бұл операция арқылы организмнің кейбір табиғи қасиеттері өзгертіледі. Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян генін қосу нәтижесінде ешқандай жәндік жемейтін картоп түрі, қызанаққа солтүстік қамбаласының генін қосудан аязға төзімді, үсімейтін қызанақ түрі, жалпы аязға төзімді, жәндіктер жемейтін, құрт түспейтін, ұзақ сақталатын, тағысын-тағы қасиеттері бар түрлер алынады. Бүкіл жаратылыс ғасырлар бойы өзі сұрыптап берген, кезкелген организмнің өсіп өнуіне жауапты болып саналатын геномына бөтенгенді әкеліп, жасанды жолмен енгізген кезде оның келесі ұрпағы өзгеріске ұшырайды.

ГМО-ның дүниежүзіне кең тарап кетуінің кесірінен адамдар мен жануарлар арасында ұрпақсыздықтың дамуы, қатерлі ісік ауруларының көбеюі, тұқым қуалайтын кемтарлықтың ерекшке түрлері пайда болуы мүмкін екендігін белгілі ғалымдар дәлелдеген.

А.Сейтханов

Техникалық регламенттер талаптарының

сақталуын бақылау бөлімінің жетекші маманы