Дүкеннен ішімдік пен азық-түлік ұрлаған…

33
фото ТО ПД

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық қылмысын жасады күдікпен 25-26 жастағы жігіттерді қолға түсірді.

Белгілі болғандай, екі күдікті мас халде түнгі уақытта ішімдік алмақ болып жол бойында орналасқан дүкендердің біріне ұрлыққа түскен. Яғни дүкенінің құлпын бұзып кіріп, спирттік ішімдіктерді жымқырған.
Осыдан соң қылмыстарын әрі қарай жалғастырып, алдымен кассадағы ақшаны, содан соң өздеріне қажетті азық-түліктерді алып кеткен. Шығын көлемі 1,5 миллион теңге. Қазіргі таңда екі күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.