Шымкенттік мергендер бүкіләлемдік универсиададан қос бірдей жүлдемен оралды

196

Шымкенттік мергендер бүкіләлемдік универсиададан қос бірдей жүлдемен оралды. Стендік оқ атудан өнер көрсеткен жерлестеріміз күміс және қола медальға қол жеткізген. Осымен 30 рет ұйымдастырылып отырған жазғы жарыста Зоя Кравченко екінші орынға ие болса, Сәрсенкүл Рысбекова үздік үштікті түйіндеді.

Сәрсенкүл Рысбекова, жарыс жүлдегерлері: «Жеңіс оңайлықпен бұйырған жоқ. Барлық қатысушылар жоғары дайындықпен келген. Әсіресе, Қытай мен Жапонияның спортшылары. Біз де бұл жарысқа ұзақ уақыт дайындалдық. Және көрсеткен нәтижемізге дән ризамыз. Ешқандай да өкініші жоқ».

Айта кетейік, Италияның Неаполь қаласында басталған жарыс әлі өз мәресіне жеткен жоқ. Ел қоржынында әзірге 5 медаль бар. Ал, спортшы студенттер арасында оза шыққандар алдағы әлем кубогында ел намысын қайта қорғайды. Бәсеке тамыз айында жалауын көтермек.

Назерке Үкібасова