Түркістан облысында кәсіпкерлерге скрининг жүргізу басталды

274

Енді қай өңірде қандай бизнес тиімді болатынын скрининг көрсететін болады. Түркістан облысында 138 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектілері бар.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы облыстың әр өңірінде жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың шынайы санын анықтап қана қоймай, сонымен қатар өңірдің көші-қондық әлеуеті және жаңа жаңа жұмыс орындарымен белгілі бизнес-жобаларды құрудың нақты қажеттіліктері табуға ықпал етпек.

Скрининг нәтижесінде облыстық кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінен құрылған зерттеу тобы өңірде бизнес-жобаларды құру үшін қосымша мүмкіндіктерді тауып, мәселелі жайттарды анықтайды. Сауалнама облыстың әр аудан, ауылдағы үй-үйді аралау формасында жүргізілмек. Сауалнама тұрғындар қажеттіліктерін анықтайды. Сауалнама 29 сауалдан тұрады.

«Сауалнама нәтижесінде алынған ақпарат негізінде нақты мамандануды қарастыратын өңірлік дамудың картасы әзірленді. Карта өңірдің аграрлық, өңдеу өнеркәсібі және басқа салалардың өсу нүктелерін, сондай-ақ олардағы қажеттіліктерді көрсететін болады. Кәсіпкерлердің шынайы қажеттілігін білген соң жергілікті атқарушы органдар елді мекендер деңгейінде мемлекеттік бағдарламаның тиімді шараларын қалыптастырып, жүзеге асыра алады»,-деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директор Дінмұхамед Абсаттаров.

Скринг мынадай нәтиже береді:
Бизнеске арналған жаңа бағыттар;
Бизнес обектілерінің орналасуы (қайда және не ашу керек);
Импортты алмастыруға арналған нақты бағыттар және т.б.

Еске салсақ, алғашқы скрининг 2017 жылы Түркістан облысы Сарыағаш ауданында өткізілген болатын. Онда 7 мыңнан астам кәсіпкерлерден сұхбат алынды. Нәтижесінде 253 бизнес-жоба құру үшін 47 қосымша табыс көзі анықталды.

Осы орайда, Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерден бұл бастаманы түсініп, қолдауға және нақты жағдайды анықтау үшін сауалнамалар толтыруға атсалысуларыңызды сұрайды. Сауалнама 16 қыркүйектен 26 қазанға дейін жалғасады.
Скрининг және сіздің бизнесіңіздің барлық сұрақтары бойынша Түркістан ​​облысының Кәсіпкерлер палатасына хабарласыңыз: С. Қожанов к, 42, телефон – 8 (7253) 359898.