Түркістан қаласы Полиция басқармасының басшысы Данияр Мейірхан өзінің Facebook парақшасында уақытша ұстау изоляторында аштық жариялағандар туралы ақпаратты жоққа шығаратын жазба жариялады:
«Түркістан қаласының Уақытша ұстау абақтысындағы жағдайды түсіндіргім келеді. Жақында қылмысқа күдіктілердің біреуінің туыстары біздің қызметкеріміздің іс-әрекетіне шағымданды. Олардың айтуынша, қызметкер тергелушіге апарылатын азық-түлікке берілетін рұқсат қағазына қол қоюдан заңсыз бас тартқан. Қызметкердің әрекеті қызметтік тергеу барысында тексеріледі, дегенмен, тергелушінің бір ай бойы заңмен рұқсат етілген көлемде азық-түлікті алып отырғанын атап өткім келеді. Оған қоса УҰА-да аштық жарияланғаны туралы айтудың ешқандай қажеті жоқ. Суретте дәл сол тағам қабылдау кезі көрсетілген. Бұдан бөлек, тергелушілер тарапынан полицияға да, прокуратураға да ешқандай арыз түскен жоқ. Барлықтарыңызды шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауға шақырамын» делінген жазбада.