Данияр Мейірхан: «Өмірімде мұндай Наурыз болмаған»

212
фото Stan.kz

Түлкібас аудандық Полиция бөлімінің басшысы Данияр Мейірхкан әлеуметтік желіде жазба жариялады: «Өмірімде мұндай Наурыз болмаған. Әрине, полицейлер әрқашан мерекелерді жұмыста қарсы алады, бірақ дәл бұлай емес. Көрінбейтін жау – коронавирусқа үш тәулік бойы жасақ қойдық. Шынын айтқанда, мерекелік көңіл-күй жоқ. Орнына мына қауіпті індет өңірімізге Еуропадағыдай жайылмаса екен деген қорқыныш пен арман бар. Қазір ең бастысы – сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық тілеймін! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын! Сонымен қатар әрбір азамат тәртіпке бағынып, дәрігерлердің барлық кеңесін орындаса деген тілек бар. Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын, достар!».