Данияр Мейірхан жаңа қызметке тағайындалды

224

Полиция полковнигі Данияр Мейірхан Түркістан қаласы Полиция басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында Түркістан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова мәлім етті.

«Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Қайрат Дәлбековтың бұйрығымен Түркістан қаласы Полиция басқармасының бастығы қызметіне полиция подполковнигі Данияр Мейірхан тағайындалды. Құттықтаймыз», – делінген хабарламада.