Данияр Мейірхан қызметінен босатылды

240
фото kz.utro.news

Түркістан қаласындағы мектеп мұғалімінің 13 желтоқсан күні орын алған полиция бөлімшесіне жеткізілу жайты бойынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша өзіндік қауіпсіздік департаменті Түркістан қаласы полиция басқармасының басшылығына қатысты қызметтік тергеу жүргізуде. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қарагөзова facebook парақшасында хабарлады.

Тергеу барысында Ішкі істер органдары қызметкерлерінің мінез-құлқына баға беріледі, олардың мұғалімге қатысты іс-әрекеттерінің заңдылығы, сондай-ақ Түркістан қалалық полиция басқармасы бастығының билікті асыра пайдалануы да тексеріледі.

Түркістан облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен Түркістан қаласы полиция басқармасының бастығы Данияр Мейірхан қызметтік тергеу жүргізу кезінде қызметінен босатылды.