Кәсіподақ мүшелеріне тауарлар мен қызметтердің негізгі жеткізушілерінен жеңілдіктер жасалады

270

Бүгін «YNTYMAQ” шағын және орта кәсіпкерлік саласы қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы» РҚБ мен «СитиЛайф» ААҚ өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қояр алдында  «YNTYMAQ»  салалық кәсіподағының төрағасы Қайрақбай Жаңабеков   «YNTYMAQ» салалық кәсіподағы жайлы таныстырды.
«YNTYMAQ”  салалық кәсіподағы – сауда, кооперация, қызмет, тауар өндірушілер және кәсіпкерлік қызметтің басқа салаларындағы, ірі, орта және шағын бизнестің кәсіпорындары мен мекемелері, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, білім, инновациялық қызмет және кәсіпкерлердің өз құқықтарын ұжымдық негізде қорғап, мүдделерін ұйымдасқан түрде білдіру мақсатында құрылған тәуелсіз одағы. Одақтың 50 000 (елу мың ) мүшесі бар.

«СитиЛайф» ААҚ негізін қалаушы және коммерциялық директоры Александр Тьяхов компания туралы айтып берді.

Компания интеллектуалды экожүйені жасаушы. Бизнес пен адамдарды біріктіретін IT-шешімдерді жасаумен айналысады.

«CITYLIFE» компаниясының миссиясы заманауи технологияларды қалалық ортаға енгізу арқылы өмір сапасын жақсарту. «CITYLIFE» қызметтері әлемнің 8 елінің атап айтқанда, Ресей, Германия, Түркия, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Белоруссия және Қазақстанның 506 қаласында жұмыс істеп тұр. Белсенді қолданушыларының саны 350 мыңға жетеді. Сонымен қатар, әлем бойынша 7 500 әріптестері бар.
Ынтымақтастық туралы меморандумды бекітудегі мақсат заманауи IT қызметті енгізу арқылы кәсіби одақтар мүшелеріне берілетін әлеуметтік жеңілдіктердің сапасын жақсарту бойынша екі тарапқа тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату.

Сонымен қатар, кәсіподақтар мүшелерінің барлығына «СитиЛайф» компаниясы арқылы Қазақстан Республикасы аумағындағы тауарлар мен қызметтердің негізгі жеткізушілерінен жеңілдіктер жасау.