Шымкент қаласының штаттан тыс бас маман дәрігерлерінің басым бөлігі №2 ауруханасында жұмыс істейді

613

Шымкент қаласының штаттан тыс бас маман дәрігерлерінің басым бөлігі Шымкент қалалық №2 ауруханасында жұмыс жасайды. Атап айтқанда қаланың бас нейрохирургі Сәрсен Маханбетұлы, бас аллерголог Сауғабаева Сарсенкүл Қалмахановна, бас пульмонолог Байташов Оразгелді Такешұлы, бас ревмотолог Тен Светлана Владимировна.

Бұл аталған 4 дәрігерде №2 аурухана дәрігерлері. Олардың міндеттеріне науқастарды жүргізу тактикасын әзірлеу бойынша жүгінген кезде халыққа, бейінді денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына практикалық медициналық көмек көрсетуден бастап, әр тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-шы күніне және жыл сайын 20 қаңтарға дейін Басқарманың емдеу-алдын алу қызметін үйлестіру бөлімі, ана мен бала денсаулығын қорғау бөліміне атқарылған жұмыс туралы жылдық есептерді ұсыну және жетекшілік ететін бағыт бойынша медициналық көмектің жағдайы мен дамуы бойынша конъюнктуралық шолулар дайындауға дейін кіреді.

Аталған дәрігерлер медицинада өз орындарын ойып алған, емге зәру жандарға әрқашанда жылы сөздерімен көмек беретін ерекше жандар. Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, ақ халатты періштедей көз алдында көлбеңдей жүріп, жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттырып,ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалаған ақ халатты абзал жандар. Ия дәрігер болу оңай емес. Дәрігер болу үшін ең бірінші ұқыптылық керек, күн сайын жаңа нәрсені үйренуге асық болып, өзін-өзі психологиялық тұрғыдан да, білім жағынан да дайындау керек.