Шымкентте мотокростан сайыс өтті

135

Шымкентте мотокросс спорт түрінен сайыс өтті. Ресей мен Қазақстан спортшылары арасында болған бәсекеде оза шапқандар кімдер?

Біркөлік шатқалының төрінде мотокросстан екі ел арасында сайыс өтті. Аса таныла қоймаған спорт түрі Шымкентте енді ғана аяқ алып келеді. Осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған додаға Ресей мен Қазақстаннан 35 кәсіби спортшы қатысты. Жарыста 3 топ әуесқойлар, кәсіпқойлар және балалар арасында өзара сынға түсті.

Дмитрий Постелин, ұйымдастырушы: «Бұл Түркістан облысы бойынша алғашқы рет өтіп тұрған жоқ. Биыл екі кезең бойынша мұнда чемпионат өткен болатын. Көбісі мұндай спорт түрінің бар екенін шыны керек, біле бермейді. Бізге жас спортшылар жетсіпейді. Мотокросс – нағыз ерлер айналыстын спорт түрі. Оны барынша дамытуға, насихаттауға, жастарды баулуға тырысып жүрміз».

Мотокросс – жылдамдық пен жанкештілікті талап ететін экстремалды спорт түрі. Адам өміріне айтарлықтай қауіпті саналады. Апаттар да орын алып жатады. Бұл жолы да 3 спортшы мотоциклімен бірге аударылып түсті. Оның біреуі – бала. Алайда ешкім айтарлықтай зақым алған жоқ.

Сайыста бірінші болып мәре сызығына жеткен алматылық мотокроссшы әлемдік бәсекелерде топ жарып келген Ярослав. 17 жастағы спортшы аса жылдамдықпен жүргендіктен өзін біраз жайсыз сезінді.

Вячеслав Евновский, сайысқа қатысушы: «Бүгінгі сайыс мен ойлағаннан өте қиынға соқты. Бірніші айналым толық есімде емес, өзімді жоғалтып алғандай болдым. Екінші айналымда биіктіктен ойдағыдай секірдім, мәре сызығына бірінші келдім».

Сайыс мұнымен тәмәмдалмайды. 5- қараша күні Өзбекстанда жалғасын таппақ. Онан соң Қырғызыстан елінде өткізу ниетте. Экстремалды спортсүйер қауым үшін алда тағы жарыстар өткіземіз десті ұйымдастырушылар.

Ақерке Анарқұл