Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғынның аса ірі көлемде есірткі затын есірткі сатумен айналысатыны жөнінде хабарлама келіп түсті. Осы күдіктіні ұстау мақсатында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен Түлкібас АПБ-нің полицейлері жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізіп, есірткі сатумен айналысқан күдіктіні яғни жергілікті тұрғынды ұстады.
Күдіктінің үйін тінту барысында жедел уәкілдер полиэтилен пакетке оралған есірткі заты марихуанаға ұқсас затты тауып, тәркілеп алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған есірткі заты «марихуана» болып шықты. Салмағы 20 грамнан астам.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, іс ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тіркелді. Күдікті қамауда. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.
Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері осындай қылмыстарды жасаушылар қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын еске салады. Тәртіп сақшылары тұрғындарға жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі