Аяз балақайлар парады өтті

396

20 желтоқсан күні Алматыда Аяз балақайлардың жаңажылдық алғашқы парады өтті. Мектеп-интернаттардың 100-ден астам балалары би билеп, әндете жүріп көшеде кездескен адамдарға көңілді флэшмобтар көрсетті. Келер Жаңа жылға жылы лебіздерімен сыйлықтар тарту етті. Парадты Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «АЯЛА» қайырымдық қоры ұйымдастырды.

Дәстүр бойынша Жаңа жыл алдында қазақстандықтар балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілеріне жақсылық жасауға тырысады – тәттілер сатып әпереді, «Аяз Атаға Хат» жазған балалардың асыл тілектерін орындайды. Оларға мерекелік ғажайып көңіл-күй сыйлау үшін барлығын жасайды.

Алматыдағы Аяз балақайлар парадын ұйымдастырушылар бұл дәстүрді аздап өзгертуді жоспарлап, осындай шешім қабылдаған екен.

— Әрине, біздің іс-шараның басты мақсаты – өз қаламыздың тұрғындары үшін мерекелік жағдай жасау. Бірақ біз Жаңа жыл мерекесінде көп көңіл бөлінетін және алматылықтардың қамқорлығын көретін мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері өздерінің де сыйлық беруі мен көңіл бөлудің өте жақсы екенін сезгенін қалаймыз. Біздің қор Қазақстанда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға көмектесуге тырысады. Күнкөрісі төмен отбасылардың балалары іс-шараларға қатысып, айналасындағы адамдарға көңіл бөлуі және жылы лебіз білдіруі олардың қайырымды, ықыласты және жомарт адам болып өсуіне көмектесетініне сенімдіміз,-дейді «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.

Аяз балақайлар парады 20 желтоқсанда сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Панфилов көшесінің жаяу жүргіншілер жағымен Төле би даңғылынан Жібек жолы көшесінің Абылай хан даңғылымен қиылысына дейін жүріп өттіі. Жол бойы балалар тәжірибелі аниматорлардың жетекшілігімен 3 жарқын флэшмоб өткізіліп, жүргіншілерге Жаңа жылғы жылы лебіз білдіріп, шамамен 2000 мандарин және 500-ден астам тәттілер сыйлады.

— Біз мемлекеттік әлеуметтік оқу орындары тәрбиеленушілерінің белсенді өмір ұстанымын және өмірлік дұрыс құндылықтарын қалыптастыратын іс-шараларға белсенді қатысуын толықтай қолдаймыз. Аяз балақайлар парадына қатысу балаларға мерекені өз қолымен жасаудың ұмытылмас көңіл-күйін сыйлайтынына, сондай-ақ қоғамнан болашақта одан да көп алу үшін оған қазір бірдеңе берудің міндетті екенін түсінетініне сенімдіміз,-деп атап өтті Алматы қаласы Білім басқармасының басшылығы.

Парад аяқталғаннан кейін барлық Аяз балақайларға Zheka’s дәмханасы – осы шараның ыстық тамақ жөніндегі серіктесі донер мен шай берді. Әлбетте, ұйымдастырушылар бұл күннің одан да тамаша және есте қаларлық болуы үшін әр балаға тәтті сыйлықтар берді.