Úı ANONS Бәсекелестікке қайшы әрекеттер әшкереленді

Бәсекелестікке қайшы әрекеттер әшкереленді

фото ШӨКҚ

Шымкент қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы бәсекелестіктің бұзылу белгілерінің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Жыл басынан бері департамент 9 тауар нарығына талдау жүргізіп, 28 мемлекеттік кәсіпорынның қызметіне мониторинг жасаған.

 

Шымкент қалалық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің өкілдері  нарықтағы бәсекелестікке кері әсер ететін бірқатар мәселелерді анықтаған. Ол бойынша тиісті шаралар қабылданған. Сондай-ақ, мемлекеттік кәсіпорындардың негізсіз қызмет көрсету фактілері бойынша нұсқамалар беріліп, заң талаптарына сәйкес бұл қызметтер тоқтатылған. Осылайша, мемлекеттің бәсекелестік ортадағы үлесі азайған.

 

ЕРНАР ҚОСБАЕВ, ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Мемлекеттік кәсіпорындарға мониторинг жүргізу аясында Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын жоюды және өз қызметін жүзеге асыру барасында алдағы уақытта заңнаманың нормаларын қатаң сақтауы бойынша 5 мемлекеттік кәсіпорынына  Нұсқама берілді. Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейтуге және (немесе) өзгертуге келісім беру бойынша Департаментпен 8 өтінішхат қаралды».

 

Сонымен қатар, талдау барысында «Су ресурстары – маркетинг» серіктестігінің тұтынушылардан су есептегіш құралдарын бес жыл сайын міндетті түрде ауыстыруды талап еткені белгілі болды. Департамент бұл талаптың негізсіз екенін анықтап, заңбұзушылықты тоқтату жөнінде шара қабылдаған. Бұдан бөлек, газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету үшін төлем талап еткен мекемелер анықталған.

 

ЕРНАР ҚОСБАЕВ ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Ағымдағы жылдың жарты жылдығы бойынша қала тұрғындарынан түскен ережесінің бұзғаны үшін Департаментпен монополист компания «QAZAQGAZ AIMAQ» Акционерлік қоғамының Шымкент өндірістік филиалына қатысты ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының талаптарын бұзу, яғни тұтынушыларға тұрмыстық тұтыну газын пайдалану ережесін бұзу фактісімен негізсіз акт толтыру және қайта есептеу (айыппұл салу) жүргізу жолымен өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалу белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде. Аталған тергеу өндірісте».

Сонымен қатар, аталған департамент тарапынан  «ASSAD GROUP» жеке кәсіпкеріне қатысты олқылықтар анықталған. Олар, әлеуметтік желілерде жалған жарнамалық бейнероликтер жариялап, өз тауарларын өзге кәсіпкерлердің өнімдерімен орынсыз салыстырған. Қазіргі атңда, бизнес өкілдеріне кәсіпкерлік кодекстің талаптарын бұзу белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Нұргүл Жолымбетова