Абай облысы прокуратура органдары кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.
Үржар ауданының прокуратурасы жалпы білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 43-бабы талаптарының сақталуына тексеру жүргізді.
Белгіленген талаптарға қарамастан, 8 мектепте балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін тыйым салынған сайттарға (оның ішінде суицидтік, зорлық-зомбылық сипатындағы және ересектерге арналған контенттерге) еркін қолжетімділік болғаны анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мектеп директорлары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұлдар салынды.
Сонымен қатар, аталған барлық білім беру ұйымдарында тыйым салынған интернет-ресурстарға қолжетімділік шектелді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 1609 мыңнан астам баланың құқықтары қорғалды.
Прокуратура ескертеді: кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, заңды өкілдер немесе балалар облыс прокуратурасының сенім телефонына: 8 (7222) 60-07-50 хабарласа алады.







