Шымкентте цифрландыру қарқыны күшейді. Бұл туралы Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы хабарлады. Оның айтуынша, үшінші мегаполисте цифрлық технологияларды дамыту, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасуда. Бірінші жартыжылдықтың өзінде бірқатар маңызды жобаларды іске асырылып, қаланың цифрлық инфрақұрылымын дамытуда нақты нәтижелерге қол жеткізген.
Шымкентте цифрлық экожүйені дамытуға бағытталған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. 2024 жылы ашылған Shymkent IT HUB бүгінде жастар мен стартаптарды қолдайтын маңызды алаңға айналған. Денсаулық сақтау саласында да цифрлық мүмкіндіктер кеңейіп келеді. «103 Yandex Maps» қызметі арқылы тұрғындар жедел жәрдем көлігінің қозғалысын онлайн бақылай алады. Ал медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін 120 жедел жәрдем бригадасы 240 смарт-бейнежетонмен қамтамасыз етілді. Бейнежазбалар жасанды интеллект арқылы сарапталады.
МҰХИТ КЕМЕЛОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Видеотрансляция деген кезде тарнсляция кетеді. Екі жерде жүреді негізі. Жедел жәрдем орталығының өзіне де, диспетчерге де. Оны ЦОУ — да ашып қарайды деген екінші сұрақ. Оғанда мән беру керек. Цоу-да 40 мыңға жуық камера бар. Олардың барлығын экранға шығару, техника жағынан мүмкін емес. Бірақ іздеуде жүрген адам камераға түскен кезде шығарып көрсетеді. Сосын СОС кнопкасын басқан кезде, ол да шығады. Үшінші аналитикасы бар. Буллинг болған кезде, бейәдеп сөз айтқан кезде, шығарылады».
Байланыс сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар да жалғасуда. Қаладағы базалық станциялар саны 1785-ке жетіп, 5G технологиясын енгізу мен кең жолақты интернетті кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Алайда, тұрғындар тарапынан мұнанараларға қатысты алаңдаушылық көп. Яғни, тұрғындар үйдің шатырына орнатылған антенналардан шығатын толқындардың қуаты адам денсаулығына зиянды деп тұжырымдайды. Алайда жауаптылар мұны жоққа шығарып отыр.
МҰХИТ КЕМЕЛОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Жеке секторда да радиофобия кездеседі. Біз ол жерге шығып тұрамыз. Басқарма ғана емес. Басқа да жауапты мамандармен бірге. Тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Электромгниттік өрістерді зерттейтін мамандар бар. Оларды шақырамыз. Бізде норматив бекітілген. Сэс соған қарай қорытынды беріледі. Кейде оғанда сенбей жатады. Сол кезде зерттеу инстутының мамандарымен келеміз. Замер жасап көрсетеді».
Бұдан бөлек, брифингте Мұхит Кемелов ақпараттық қауіпсіздік саласында бірқатар кемшіліктердің орын алғанын жеткізді. Осыған орай арнайы тексеру жүргізіп, мониторинг нәтижесінде 100 қауіпсіздік кемшілігі толық жойылған. 97 кибершабуылдың жолы кесілген. Айтуынша, мұндай жұмыстар Шымкенттің цифрлық даму қарқынын күшейтіп, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы цифрлық орта қалыптастыруға бағытталған.
Нұргүл Жолымбетова

