Құжатта бар, қолда жоқ…

451

Құжатта бар, қолда жоқ. Шымкенттік көпбалалы аналар тағы да әкімдікке жиналды. Бұл жолы олар құжатта берілді деп, қолдарына тимеген әлеуметтік көмекті даулап келді.

Сөздерінше, egov порталында көпбалалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек қыркүйек айына дейін тапысырылған. Алайда, құжат бойынша берілді деген қаржыны аналар қолдарына алмақ түгілі6 көлеңкесін де көрмепті.

Көпбалалы аналарды бұл жолы құжат бойынша беріліп, қолға тимеген ақша ашуландырды. Сөздерінше, бірер күн бұрын egov порталынан өздеріне атаулы әлеуметтік көмектің аударылғанын көрген. Бірақ, тек қағаздағы 200 мың, 300 мың теңгені аналар алмадық дейді.

Айгүл Байкуранова, қала тұрғыны: «Қаңтар, ақпан, наурыз айларына алған жоқпын. Мына қағазда алды деп тұр. Біз ол ақшаны алмағанбыз. Демек, өздері «жеп қойып отыр» бұл ақшаны. Жоқ қылып жіберіп отыр».

Индира Уситаева, қала тұрғыны: «Бұл жерде алынды деп тұр ақша. Демек, жеген ішкенінің барлығын бізге жайып жіберіп отыр ғой».

«Атымызды жамылып, ақшамызды жымқырды» деген оларды сабырға шақыру жауаптыларға оңай болған жоқ. Ал, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасындағылар тіпті жағдайдан хабарсыз болып шықты. Бірақ, өз болжамдарын барынша жеткізуге тырысты.


Жанат Өтебаева, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының орынбасары: «Былтыр біз 1 жылға тағайындағанбыз. Сәуір айында өтініш білдірген жағдайда 2019 жылдың сәуір айынан 2020 жылдың сәуір айына дейін тағайындалған. Сол кездегі ендірілген ақпарат».


Мамандар сөзінше аталған жағдай бүгінде Нұр-сұлтан қаласындағы орталыққа жеткізілген. Ондағылар әзірге тексеру үстінде екен. Бұл жауапқа қанағаттанбаған аналар ақыры әкіммен кездесуге бет алды. Алайда, қаламызға екі күн бұрын келген басшы Ерлан Айтахановтан ерекшеленген жоқ.


Ербол Садыр, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Мына мәлімет бойынша анықтайық, орталыққа барайық. Сабыр етіңіздер ешкімге ақша кетіп жатқан жоқ».

Осылайша құжат бойынша берілді деген атаулы әлеуметтік көмектің қайда кеткені сол күйі анықталмады.

Назерке Үкібасова