Облыс мәслихатының депутаттары кезектен тыс 46 сессияда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпті деген Түлкібас ауданындағы 6 нысан, Ордабасы ауданындағы 1, Келес ауданындағы 2, Шардара ауданындағы Сүткент ауылындағы Сырдария өзенінің бөгеттерін күрделі жөндеуге жалпы 436,5 млн. теңге бөлді.
Бұдан бөлек, 730 млн. теңге Түркістан магистралды каналының күрделі құрылысына бағытталды. Кентау қаласын дамытуға бөлінген 553. млн қаржыға қосымша 65 млн. теңге бөлінді.
Шынар Оразова