«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 2020 жылдың 1 наурызынан бастап құжат қабылданады.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өкілдерімен «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «2-10-20» несиелендіру шарттарын, меншікке алу тәсілдері туралы халықтың осал топтарына (көпбалалы, толық емес, мүгедек бала асыраушы отбасыларға) презентация өткізілді. «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 2020 жылдың 1 наурызынан бастап құжат қабылданады.

Сұрақтарыңыз бойынша Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына жүгіне аласыздар.

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Республика даңғылы 12А үй.