Úı ANONS Бекзат Саттархановтың әкесі өмірден озды

Бекзат Саттархановтың әкесі өмірден озды

Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, ұлт мақтанышы, жасындай жарқылдап өткен талантты боксшы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов бақилық болды.

Сейілхан Саттарханұлы 1949 жылы 19-шы қыркүйекте Түркістан қаласында дүниеге келген. Жұбайы Сырлыкүлмен бірге 4 бала тәрбиелеп өсірген.  Медицина саласында еңбек еткен Сейілхан Саттарханұлы «Бекзат» шағынауданында ақсақалдар кеңесінің төрағасы болған.