Мақтааралда әйелді қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

383

Түркістан облысы полицейлері адам өлімімен аяқталған жол-көлік апатын жасап, жасырынған жүргізушісі ұстады

Мақтарал АПБ-ның полиция қызметкерлері аудан жолдарының бірінде әйелді қағып, жол апаты орнынан ізін суытқан жүргізушіні ұстады. Сейсенбі күні , 24.02.2020 жылы сағат 21:00 шамасында кезекші бөлімге кешкі аудандық жолдардың бірінде белгіленбеген автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 40 жастағы әйел, алған дене жарақаты салдарынан оқиға орнында қайтыс болған. Ал, көлік жүргізушісі қашып үлгерген.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері қаза болған адамның жеке басын анықтап, оның Мақтаарал ауданының тұрғыны екенін айқындады. Тәртіп сақшылары апат орын алған аумақта мұқият тексеру жұмыстарын жүргізіп, жасырынған жүргізушіні анықтау және ұстау бойынша басқа да қажетті жедел – іздестіру шараларын жасады. Мақтарал АПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жол-көлік оқиғасын жасап, жасырынған күдіктіні ізін суытпай құрықтады. Ол Мақтарал ауданының тұрғыны болып шықты және шұғыл полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде: 345-бап: «Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» және 347-бап: «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу». Күдікті қамауға алынды. Сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және жол жүру ережесін бұзбауға кеңес береді. Жылдамдықты арттыруға, қарсы қозғалыс жолағына шығуға болмайды, абай болып, жаяу жүргіншілерді өткізу керек. Сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тағып және автомобильді басқару кезінде телефон арқылы сөйлеспеу қажет. Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда тез арада 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыздар. Жүргізушілер, өз өмірлерін және жол қозғалысына қатысушылардың өмірін сақтаңыздар.

 

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі