Шымкент қаласының прокуратурасында
алғашқы кадрлық конкурстың тағайындаулары болды.
2019 жылдың желтоқсан айында қала прокуратурасының қызметке орналасу конкурсы жарияланған болатын. Қолданыстағы Ережеге сәйкес, қызметке қабылдау процесі 2 кезеңнен тұрады:
— Біріншісі — іріктеу, бұл кезеңде кандидат заңнама бойынша тест тапсырады, медициналық комиссиядан және ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы міндетті тексеруінен өтеді;
— Екінші кезеңде кандидатпен алдын ала әңгімелесу жүргізіледі және 10 жұмыс күні ішінде тағылымдамадан өтеді. Осы тағылымдаманың барысында жетекші берген түрлі тапсырмаларды орындай отырып, ол іс жүзінде өзінің басқа кандидаттардан артықшылығын дәлелдейді.Конкурсқа 16 үміткер қатысып, оның 14-і — тағылымдамадан өту үшін аудан прокуратураларына сынақ мерзімімен жолданған. Тағылымдама нәтижесімен комиссия отырысына 2020 жылдың 20-ақпанында 14 үміткер әнгімелесуден өтуге шақырылды. Аталған конкурс Шымкент қаласы прокуратурасында алғаш рет болуына байланысты, қала прокуроры Мақсат Қожабаев комиссия отырысының оң қорытындысын алған қызмкеткерлерді қабылдады.
«Сіздерді жаңа қызметтеріңізбен құттықтаймын, өздеріңізге белгігі Сіздер арнайы тестілеуден, тағылымдамадан кейін әңгімелесуден өттіңіздер. Конкурс комиссиясының қорытындысы негізінде араларыңыздан 7 үміткер бұйрық алып (5-і кадрлық резерв арқылы), ал 1 үміткер кадрлық резервке алынды. Ендігі кезекте Сіздерден халықтың, прокуратура басшылығының артқан сенімін ақтап, отанға қызмет ету талап етіледі.
Сол себепті жұмыста қолдану үшін Заңнама Кодекстерін сыйға тартамын, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін» — деді қала прокуроры.Сонымен қатар, болашақ үміткерлердің назарына құқық қорғау органдарына қызметке орналасу қағидасында өзгерістер орын алғандығы жеткізіледі. 2021 жылдың 1 қаңтарынан үміткерлер Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясында 6 ай және өңірлік прокуратурада 6 ай тағылымдамадан өту көзделген.
Шымкент қаласының прокуратурасы