Шымкенттегі балабақшалардың бірінде 4 бала газға уланып қалды

99

Көмірқышқыл газымен улану салдарынан дәрігерлердің көмегіне 2018 жылы туған төрт бала мен тәрбиеші жүгінуге тура келген.

Газ тексерушілердің айтуынша, бала бақшада бірнеше заңсыздықтар анықталған. Қосымша газ жабдықтарын орнатудан бастап, түтін шығаратын түтікті орнатуда өрескел заңбұзушылықтар анықталған.

Арнайы тексеру кезінде мамандар балалар тұрған бөлмеде көмірқышқыл газының қауіпті концентрациясын анықтады.