46 жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды

164

 

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Келес АПБ қызметкерлерімен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында профилактикалық іс-шара жүргізілді. Аталған іс-шара аясында полиция бөліміне бірқатар кәмелетке толмағандар жеткізілді.

Оның ішінде, сағат 22:00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілінің ертуінсіз, ойын сауық орталықтарында жүрген 46 жасөспірім анықталды. Балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған, ойын сауық мекемелеріне бейберекет жіберіп қойған ата-аналарға қатысты айыппұлдар салынды.

Жалпы шара барысында құқық бұзушылыққа бейім бірнеше кәмелетке толмаған жасөспірім Ішкі істер органының есебіне алынды. Сондай-ақ ойын-сауық орындарының иелеріне де ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды.

Облыс полицейлері ата-аналарға өтпелі кезеңдегі ұл- қыздарыңызбен жақын қарым-қатынас орнатып, дос болыңыздар деп кеңес береді. Олардың араласатын ортасын бақылап отыру керектігін, оған қоса сағат 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған балаларды заңды өкілінің ертуінсіз көшеге немесе ойын сауық орталықтарына жібермеуді ескертеді.

 

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі