Коронавирус індетінің тағы 20 оқиғасы тіркелді, науқастар саны 228-ге жетті

69

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңадан 20 оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«28 наурыз сағат 22:00 жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 20 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында — 18 адам, Алматы қаласында — 1 адам, Ақмола облысында — 1 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында — 135 адам, Алматы қаласында – 51, Қарағанды облысында — 7, Ақмола облысында — 6, Атырау облысында — 5, Жамбыл облысында — 3, Шымкент қаласында — 2, Шығыс Қазақстан облысында — 2, Алматы облысында — 4, Ақтөбе облысында — 1, Солтүстік Қазақстан облысында — 1, Павлодар облысында — 1, Маңғыстау облысында — 1, Қызылорда облысында — 1, жалпы 228 науқас тіркелді», — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.