«Медициналық бетперде жоқ»

312

Шымкентте медициналық маска тапшылығы әлі де өзектілігін жойған жоқ. Бетперде іздеген қала тұрғындары оны ешбір дәріханадан таба алар емес. Ал, ковид-19 вирусы күннен күнге өршіп барады.

Бүгінде 58 елге тарап үлгерген ауру Қазақстаннан табылмаған. Десе де, үкімет отырысында Асқар Мамин елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу шараларын күшетуді тапсырды.


Өткен аптада Ковид-19 вирусының Қазақстанда табылғаны әлеуметтік желіде желдей тараған еді. Үкімет отырысында мәлімденді деген ақпаратты кейін денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды. Ал, бүгін үкімет отырысын дәл осы тақырыптан бастады. Сөз бастаған Премьер-министр коронавирустың таралуына жол бермеу шараларын күшейтуді тапсырды.


«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коронаровирус белсенді түрде таралып жатқан елдерге тұрақты рейстерді шектесін. Сондай-ақ, біздің фармацевтикалық кәсіпорындарда медициналық маскалар мен басқа да қорғаныс құралдары өндірісін арттыруды қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді А. Мамин.


Маска демекші медициналық бетперде тақырыбы Шымкентте әлі де өзектілігін жойған жоқ. Ауру тарала бастаған күннен қаламызда тапшылыққа айналған масканы дәріханалардан табу әлі күнге дейін азап. Бұған дейін бағасы қымбаттаған оған қазір қол жеткізу мүлде мүмкін болмай барады.

Бетперде тапшылығын биліктегілер де мойындайды. Еске сала кетейік, бұған дейін маска алу үшін бюджеттен 1,5 млрд теңге, кейін 3,5 млрд теңге бөлінген еді.


Ералы Тоғжанов, Премьер-министрдің орынбасары: «Бетперде жетіспеушілігі бар. Мемлекет осы мәселені бақылауға алды. Қазақстанда бетперде жеткілікті болады. Тағы да қайталап айтамын, кейбір дәріханаларда бетперделер жоқ болса, бұл Қазақстан ештеңеге дайын емес деген сөз емес».

Айта кетейік, елімізде бір тәулікте 170 мың бетперде шығарылады екен. Кәсіпорындар бетперде таппай жүрген Шымкент қаласының өзінде, Алматы, Жамбыл және Түркістан облысында бар.


Қазақстандықтар бетпердемен әлек болып жүргенде, Америка президенттігіне үміткер масканың аурудан қорған болуға қауқары жоқ дейді. Осылайша әлем коронавирусты жеңу жолдарын іздеп жүргенде, ковид-19 68 елге тарап үлгерді. Қатерлі ауруды 89 жан жұқтырып, 3 мыңнан көбісі көз жұмған.

Назерке Үкібасова