Шымкентте кепілдендірілген әлеуметтік пакет алған көпбалалы ана алғыс айтты

279

Ақмарал Жүнісова Шымкент қаласы «Бозарық» елді-мекенінің тұрғыны. Бүгінде жеті баланы тәрбиелеп отырған батыр ана жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына келіп мемлекет тарапынан үлестірілген кепілдендірілген әлеуметтік пакет үшін өз ризашылығын білдірді.

«Мен былтыр мамыр айында атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырдым. Ол кезде ғимаратта адам көп болды. Кезек те өте тығыз. Алдымда кемі екі жүз адам тұратын. Әйтеуір құжаттарымды өткізіп, бірнеше күн күттім. Нәтижесінде басқарма қызметкерлерінен атаулы әлеуметтік көмекті аласыз деген жауап алдым. ӘАК үшін төленген қаржыны мақсатты жұмсап, балаларға арналған киім тігетін шағын кәсіпкерлігімді бастадым. Бұдан бөлек, үйде түрлі тәттілер пісіріп оны да саудалап жатырмын», -деді көпбалалы ана.

Көпбалалы ана 2020 жылдың қаңтар айында жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген. Комиссия тарапынан А.Жүнісованың берген өтініші мақұлданып, күні кеше кепілдендірілген әлеуметтік пакетті «Магнум» сауда орталығынан алған.

Алтын құрсақты А.Жүнісова мемлекеттен алған көмегіне қанағат тұтып, мемлекет басшысына, Шымкент қаласының әкімдігіне алғысын айтты.

«Күндіз – түні елге қызмет етіп жүрген барша азаматтарға, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа, Шымкент қаласының әкімдігіне, жаңа М. Әйтеновқа, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлеріне, басшылығына, ауданымыз Қаратаудың әкімі мен әкімдік қызметкерлеріне алғыс айтамын», – деді Ақмарал Жүнісова.

Мақпал Рысбаева