Ағаштар құлап, электр бағаналарына зақым келтірді

171

Шымкентте  8-ші  сәуірде жауған жауынның арты қарға ұласып, салдарынан 9-шы  сәуірде қаланың бірқатар аумақтарында электр қуаты сөніп, абоненттер  жүйеден ажыратылған еді.

Әл Фараби аудандық электр тарату бөлімшесінің бригадасы Ж. Тәшенов көшесінде орын алған ақауларды ретке келтіруде. Мұнда су қардың салмағынан ағаштар құлап, бағанаға зықым келтірілген.

Талғат Тәшімов, бас инженер: «Әл Фараби ауданында 5 жерде жоғары кернеулі желілері сөндірілген. 8 бригада 4 техника  жұмыс жасап жатыр. Кешке дейін электр жарығын қосамыз»…

Шынар Оразова