Бүгін Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 4 жағдайы тіркелді

69

Шымкент қаласында 2020 жылғы 10 сәуір күні коронавирус инфекциясын жұқтырудың 4 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл науқастардың барлығы індет анықталған азаматтармен тығыз байланыста болған тұлғалар.

Бұл тұлғалардың барлығы стационарлық карантинде медициналық қызметкерлердің бақылауында болған. Инфекцияны анықтау бойынша жүргізілген зертханалық тексеруден COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсетті. Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, барлығына бекітілген хаттамаларға сәйкес қажетті ем жүргізілуде.
Ауруға шалдыққан науқастардың жас аралығы: 10 және 11 жастағы 2 бала, 54 және 58 жастағы 2 ересек азаматтар.

Науқастармен байланыста болған – 28 азамат анықталды. Олардың барлығы оқшауланып, медициналық бақылауға алынды.

Шымкент қаласы бойынша қосымша – 2 ошақ тіркелген.
Ошақтарда науқастардың тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізіліп, карантинге алынды.

Үздіксіз эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілуде.
Қазіргі таңда, Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының жалпы 31 жағдайы тіркелген.