Коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында елімізде жарияланған төтенше жағдай, Шымкентте енгізілген карантинге байланысты қала іргесіндегі «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» жабылды.
Баспанасы жоқ, құжатсыз қалған азаматтар арнайы мекемеде оқшауланған. Орталықтың 26 қызметкері осындағы 154 азаматқа қызмет көрсетуде. Жабық мекемеде талпқа сай сақтық шаралары қатаң сақталуда дейді мамандар.
Сауен Әшімханұлы, әлеуметтік бейімдеу орталығының өкілі: «Төтенше жағдай енгізілгенше біздің орталықта 155 адам болатын. Қазір 154 адам. Ешкімді қабылдап та, шығарып та жатқан жоқпыз. Карантинге байланысты мекемедегі барлық палата, дәліздерде залалсыздандыру шаралары қолға алынған».
Шынар Оразова