Шымкентте коронавирус жұқтырғандардың қатары 146-ға жетті

132

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам анықталды.

Вирус жұқтырған 1996,1993,1967 жылы туылған азаматтар мен 1991,1966 жылы туылған азаматшалар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

25.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 146 адам анықталды.