Карантин кезеңінде Қазақстанда балмұздақ сатылымы өсті

163

Қазақстанда өзін-өзі оқшаулау толқынында балмұздақ сатылымы айтарлықтай артты. «Шин-Лайн» балмұздақ өндіруші компаниясының хабарлауынша, 2020 жылдың сәуірінде өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда балмұздақ сату көлемі 14%-ға және ақшалай мәнде 39%-ға өсті.

Компания мәліметтеріне сәйкес, балмұздақты тұтынудың өсуі бойынша Қазақстандық қалалардың тізімінде бірінші сатыда бас қалалар – Нұр-Сұлтан мен Алматының тұтынушылары тұр. Нұр-Сұлтанда балмұздақ тоннада 28%-ға және ақша түрде 53%-ға артық сатылды. Алматыда сатылым сәйкес көрсеткіштерде 18% және 41%-ға артты.

Психологтардың пікірінше, суық десерт танымалдығының өсуі карантин кезіндегі мазасыз күй-жайға жауап ретінде қазақстандықтардың көңіл-күйінің өзгеруіне және жағымды эмоцияларға деген қажеттіліктің артуына байланысты. «Шин-Лайн» компаниясының мамандары сатып алу белсенділігінің өсуін растайды, сондай-ақ олар карантин кезінде ұсынған отбасылық форматтағы өнім ассортиментіне айтарлықтай қызығушылық танытылғанын атап өтеді.

Көптеген жылдар ішінде алғаш рет балмұздақ өндірушісі тура отбасылық тұтыну сегментінде айтарлықтай өсім тіркелгенін тілге тиек етеді. Ол 92%-ға артқан, бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе артық. Ең үлкен сұранысты салмағы 450 грамнан 900 грамға дейінгі ванналар, шелектер, рулеттер мен пакеттер сияқты қаптамалардағы балмұздақ көрсетеді. Мысалы, отбасылық форматтағы танымал «Миша» балмұздағы 2019 жылмен салыстырғанда 4,5 есе өсуді көрсетіп, тұтынушылар арасында осы кезең сатылымының көшбасшысы атанды.

— Біз отбасылық форматтағы балмұздақтың Қазақстанның ірі қалалары тұрғындарының үй ас мәзірінің ажырамас бөлігіне айналып келе жатқанына қуаныштымыз. Біз әрдайым, тіпті дағдарыс жағдайында да жаңа шешімдер мен форматтарды іздейміз. Бір минут уақытты да бос жібермей, дәмі мен сапасы тұрғысынан үздік өнімді алуға тырысамыз. Карантинде біздің кәсіпорын жұмыс істеуді жалғастырды, 400-ден астам қызметкер кәсіпорында оқшауланды, тұрақты түрде кәсіпорынның «таза» периметрі ішінде өмір сүрді және еңбек етті, осылайша біз тұтынушыларымызды толық көлемде суық десертпен қамтамасыз еттік, олардың жағымды көңіл-күйіне себепкер бола алдық деп үміттенеміз, — деп атап өтті «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шин.

Дәстүрлі түрде Қазақстанда балмұздақ сатылымы тек ыстық жаз мезгілінде ғана келеді, негізінен, бұл саябақтар мен мерекелік алаңдардағы бөлшек сауда орындары мен көптеген маусымдық сауда орындары есебінен. Үй жағдайында балмұздақ көп тұтынылмады. Коронавирустың келуімен және отбасы үшін өнімнің кең ұсынысымен жағдай өзгерді. Бұл бұқаралық іс-шаралар мен қала тұрғындарының еркін серуендеу трафигінің жоқтығына қарамастан сатылымды арттыруға мүмкіндік берді. Осы жылдың көктемінде қазақстандықтар отбасылық форматпен қатар, нарықтың бестселлерлері саналатын келесі қазақстандық порциялық балмұздақтарды белсенді тұтынды: кілегей «Бомба» мен «Мишка на полюсе» кілегейдегі пломбирі. Балалар мен ересектердің назарын аударатын кәмпит сериясы соңғы жаңалықтары – «Караван», «Белочка» және «Коровка» балмұздақтарының да сатылымы өсті

Отандық тұтынушылар арасында порциялық балмұздақ басқа форматтағы балмұздаққа қарағанда әрдайым танымал, өйткені бұл тәттімен жылдың ыстық мезгілінде қала ішінде серуендеп, бар дәмімен көшеде ләззат алуға болады. Сонымен қатар, үй форматындағы балмұздақ нарығының әлеуеті де маңызды, дейді мамандар. Балмұздақ саласындағы әлемнің жетекші сарапшыларының бірі Дмитрий Докиннің пікірінше, «Шин-Лайн» компаниясы үшін қазақстандықтардың жазда ғана емес, сонымен қатар, Еуропа мен Америка елдеріндегі сияқты жылдың өзге де мезгілінде суық десертті белсенді түрде тұтынуы маңызды. Бұл міндетті шешу үшін арнайы «үй» форматтары қажет, олар «Шин-Лайнды» қазақстандық қалалардың нарығына литрлік қаптамадағы балмұздақ, торт-балмұздақтар пен рулеттер түрінде шығарады. Адамдар үйде, отбасымен көп уақыт өткізуде, олардың аспаздық және өнімдерді тұтыну әдеттері де өзгеруде, сондықтан өндірушілердің де өзгеріске әрдайым сәйкес келе түсуі маңызды.