Шымкентте полицейлер пара беру жайтының жолын кесті

200

Шымкентте пара ұсынған жігіттің әрекеті әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 жастағы ер адам ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша (төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартпауын сұрап Абай аудандық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Нарымбетовке пара ретінде 15 000 теңге ұсынған. Полиция қызметкері бұл жайт туралы Шымкент қаласы ПД-нің өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлап, полицейлер пара берушіні ақша беру үстінде ұстады. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 367-бабының 1-бөлігінде (пара беру) көзделген қылмыс белгілері бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.