inform.kz

Енді коронавирус дертіне қатысты сынаманы кез – келген адам тапсыра алмайды. Тіпті қаржыңызды еселеп төлесеңіз де, бұл тестілеу сізден алынбайды. Тек Ковидке шалдыққандармен тікелей қарым-қатынаста болған жандар ғана арнайы нұсқаулық бойынша тапсырып, дертке қатысты анықтаманы алатын болды. Бұл жөнінде Ұлттық сараптама орталығының өңірдегі өкілдері мәлімдеді.

Айтуларынша, соңғы кездері Шымкентте өздігінше Ковидке деген күдікпен яғни тест тапсырудың ақылы қызметіне жүгінушілер қатары күрт артқан. Ал «анықтаушы-сынама» құралдарының саны шектеулі екен. Сондықтан, 10 күннен бері жаңа ережеге сәйкес, тек коронавирус анықталған адамның жанұя мүшелері және науқаспен тікелей қарым-қатынаста болғандар ғана тест тапсырып, оның қорытындысына 2 күнде қол жеткізуде.

Әбілхан Ештай, Ұлттық сараптама орталығының Түркістан облысы бойынша филиал директорының орынбасары: «Осыған дейін адамдар өз еркілерімен «ковидті» анықтауы үшін ақылы түрде тест тапсырып келді. Бірақ, соңғы күндері Шымкентте аталған дертке шалдыққандар көбейіп кетуіне байланысты, енді адамдар өз қалауы бойынша бұл тестті тапсыра алмайды. Тек коронавирусқа шалдыққандармен тікелей байланыста, қарым-қатынаста болғандар ғана тапсырып жатыр».

Мөлдір Бекеева