«Көңілді» кортеж иелері қолға түсті

178

Түркістан облысы полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды жауапкершілікке тартты. Бұған дейін әлеуметтік желілерде жол қауіпсіздігі ережесін бұзып, бірнеше автокөлікпен «кортеж» ұйымдастырғандар жайлы бейнежазба таралды.

Тексеру кезінде оқиға Түркістан облысының Төлеби ауданында орын алғаны анықталды. Тәртіп бұзушылардың жеке басын анықтау мақсатында Төлеби АПБ-нің полицейлері барлық қажетті іс-шараларды жүргізіп, жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Тәртіп бұзушылар Шымкент қаласындағы колледждердің бірінің студенттері болып шықты, олар Төлеби ауданы арқылы Қазығұрт ауданына өтіп бара жатқан.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері 2 «Мерседес» көлігінің жүргізушілері мен «Лада» және «ВАЗ» автокөліктерінің жүргізушілерін анықтады.

Полиция қызметкерлері «Мерседес» жүргізушілерін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы «жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау» және 601-бабы «жолдың жүру бөлігінде жол белгілері мен таңбалармен белгіленген талаптарды сақтамау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Тәртіп сақшылары сондай-ақ қалған көліктердің иелерін анықтады. Аталған «ВАЗ «және» ЛАДА » автокөліктері айыптұрағына қойылады.

Жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында Түркістан облысының полициясы азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ облыста енгізілген карантиндік шаралар туралы шектеулерді ұмытпауды ескертеді.