Төрт түліктің кесірінен жол апаты жиілеген

213

Мал ұрлығы тиылар емес. Қазақстанда төрт түліктің жоғалуы карантин кезінде де тоқтамаған. Осылай деген еліміздің бас полицейі Ерлан Тұрғымбаев 70 пайыз малдың қорадан ұрланғанын айтады.

Жыл басынан бері республика бойынша мал ұрлығының 1000 дерегі тіркелген. Қаңтардан бастап жоғалған тұяқтылар саны 4500-ге жетіпті. Бүгінге дейін олардың 2200 иесіне қайтарылған. Төрт түліктің қараусыз қалуынан жол апаты да жиілеген. Жыл басынан бері мұндай 24 дерек тіркеліпті. Кесірінен 4 адам ажал құшқан.

Назерке Үкібасова