Ережені бұзғандар жазаланды

192

Түркістандық полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарды жауапкершілікке тартты. Әлеуметтік желілерде көшенің қақ ортасында жол қауіпсіздігі ережесін бұзып, жүгенсіз жүрген бірнеше автокөліктер жайлы бейнежазба таралған болатын.

Тексеру барысында оқиға Түркістан қаласындағы Түркістан -Шымкент айналма тас жолы бойында орын алғаны анықталды. Тәртіп бұзушылардың жеке басын анықтау мақсатында Түркістан ҚПБ-ның полиция қызметкерлері қажетті іс-шараларды жүргізіп, кінәлі жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Нәтижесінде, «Тойота камри » жүргізушісіне қатысты әкімшілік жауапқа тарту бойынша 5 хаттама толтырылды. Ал, «Ауди» маркалы көліктің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1 бөлігі (жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау) бойынша кінәлі деп танылып, хаттама түзілді. Автокөліктер айыптұрағына қойылды.

Мақпал Рысбаева