Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңгеден төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл жайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында. Еске сала кетейік, біз бұған дейін елдегі карантин тағы 2 аптаға созылатынын хабарлаған болатынбыз.