Қора өртеніп кетті

159

Сағат 15:30-да 2020 жылғы 08 шілдеде Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ынтымақ ш/а өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Баян сұлу көшесі бойындағы үйдің ауласында жалпы көлемі 80 ш.м. екі қабатты қораның екінші қабатында 3 тонна сабан, көлемі 16 ш.м. шатыры және қораның алдында 8 тонна қи жанды. Өрт сағат 15:52-де оқшауланып, сағат 16:33-те толық сөндірілді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазірті таңда мамандар өрттің шығу себебін анықтауда. Оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамында 7 адам, Медицина апаттар орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыздар! Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың телефон нөмірі – 101 және 112.

 

QAINAR KÓZ Шымкент қ.ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы