Шымкенттік фармацевтер дәріні қымбаттатып сатқан

235

Осы уақытқа дейін Шымкентте емдік құралдың жоғары бағада сатылған 15 жағдайы тіркеліпті. Оның үшеуі дәріхана қызметкерінің заңсыз әрекеті екен. Қалған заңбұзушылықты жеке тұлғалар жасаған дейдің қаланың бас полицейі.

Ералы Жұмаханбетов, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы: «Барлығы 15 факт болды. Медицина қызметкерлері оның ішінде 3-ақ оның ішінде. Сатылған дәрілер шетелден келген дәрілер. Ауруханадан шыққан дәрілер емес. Шет елден келіп, қолма-қол ауысып жүрген дәрілер».

Айта кетейік, 5 шілдеден бері Шымкентте карантин бұзу бойынша 299 факт тіркелген. Заңсыздықты анықтау үшін 30 мобильді топ қызмет еткен.

Назерке Үкібасова