Аптап ыстық жаздың соңында басталады. Бұл туралы еліміздің бас гидрометерологы мәлімдеді. Сөзінше, күннің қысқаруына байланысты тамыз айы ыстық болады. Бірақ, бұл болжамның еліміздің солтүстік пен шығысына қатысы жоқ. Онда ауа-райы ала бұлтты болмақ. Ал, оңтүстік пен батыста температура көтеріледі деп күтілуде.
Шіліңгір шілде ыстығы тамызда түседі. Осылай деген Қазақстанның бас гидрометеорологы алдағы айға ауа-райы болжамын ұсынды. Сөзінше күннің қысқаруына байланысты енді нағыз ыстық басталады. Бірақ, бұл ай бойы қапырық болады деген сөз емес. Ауық-ауық жаңбыр жауып, күннің салқындауы бек мүмкін дейді Данара Әлімбаева.
Данара Әлімбаева, «Қазгидромет» РМК директоры: «Ауа температурасы норма шамасында болатынына қарамастан, ауа массаларының жиі алмасуына қарамастан жауын-шашынсыз ыстық күндер мен салқын жауынды күндер қатар болады. Тамыз айында жауын-шашын мөлшері републиканың басым бөлігінде норма шамасында күтіледі. Республиканың оңтүстігінде норма. Екі, тоғыз мм».
Бұдан бөлек, ауа-райын болжау орталығының басшысы алдағы екі күн температурасын сипаттап берді. Сөзінше, ел солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, күн салқындаса, оңтүстік пен шығысқа керісінше градус көтеріледі.
Данара Әлімбаева, «Қазгидромет» РМК директоры: «Алдағы демалыс күндері 24-26 шілде демалыс күнде ауа-райы болжамына келетін болсақ… Оңтүстік, оңтүстік шығыста 30-39 градус. Маңғыстаудың оңтүстігінде 43 градусқа дейін ыстық ауа-райы сақталады. Қазақстанның шығысында 25 градус, оңтүстік өңірінде 33-градуске дейін барады».
Ал, еліміздің бас қаласында бұршақ жауып, күн күркіресе, Алматыда найзағай ойнап жел екпіні күшеймек.
Назерке Үкібасова