Түркістан облысы полицейлері карантин кезінде қарқынды жұмыс атқаруда

199

 

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 5 шілдеден бастап Қазақстан аумағында қатаң карантин шараларын енгізу туралы қаулысы жарияланғаны баршамызға белгілі.

Осы бағытта Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты барлық қала, аудандық полиция бөлім, басқармалардың қызметкерлерінен мобильдік топтар құрылып, карантин талаптарын сақтау мақсатында рейдтік ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мобильдік топ өздерінің аудан аумағындағы азық-түлік дүкені, асхана, кафе, шаштараз, автожуу орындары, спорт кешендері, ойын-сауық орталықтары және қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушылар, жалпы адамдар көп шоғырланатын жерлерде карантин талаптарын сақтау қажеттігін қатаң ескертіп, тиісті жұмыстарын атқаруда. Кәсіпкерлерге санитарлық режимді сақтау қажеттігі ескертілуде. Ал, қоғамдық орындарға келуші тұрғындарға үнемі бетперде мен қолғап, антисептик секілді санитарлық құрал-жабдықтарды қолданып жүру тиістілігі айтылуда. Оған қоса тәртіп сақшылары сенбі-жексенбі күндері барлық нысандардың өз жұмыстарын тоқтатуын бақылауда ұстауда. Бүгінгі таңда күн сайын Түркістан облысы ПД патрульдік полиция тобының қызметкерлері дыбыс күшейткіш құралдары арқылы көше-көшені аралап, облыс тұрғындарын санитарлық қауіпсіздік шаралары мен шектеулерді сақтауға шақыруда. Облыстық полицейлер тарапынан ірілі-ұсақты құқықбұзушылықтың алдын алу, мақсатында түнгі уақыттағы рейдтік жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Мәселен, облыс орталығы Түркістан қаласында полицейлер қарқынды жұмыс атқарып, күнделікті жұмыстарынан бөлек арнайы жұма, сенбі, жексенбі күндері рейдтер ұйымдастыруда. Рейд кезінде қаладағы спорттық ойын алаңдары, саябақтар, ойын-сауық орталықтары, базарлар, кафелер толық тексеріліп, карантин талаптарының сақталуы қатаң бақылауға алынуда.

Ал, Арыс АПБ-нің полицейлері әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғындарға қауіпті жұқпалы вирустан сақтанудың жолы – үйден шықпай, жеке бастың гигиенасын сақтау екенін айтып, көшеде топтасып жүрмеуге шақыруда. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қорғаныш құралдарын қолданып, қауіпсіздік талаптарын барынша сақтау керектігін ескертіп, карантин талаптарын бұзған азаматтар әкімшілік жауапқа тартылатындығын хабарлауда.

Ал, Сайрам АПБ-ның қызметкерлерінен құрылған мобильдік топтар аталмыш іс-шаралар барысында, белгіленген мерзімде 309 алқаптар мен ғимараттарға тексеру жүргізді. Оның ішінде 15 алаң, 14 саябақтар мен скверлер, 12 сауда ойын-сауық орталықтары мен кешенді балалардың ойын алаңдары, 15 адамдар жаппай жиналатын (азық-түлік, киім-кешек, мал базарлары), 58 азық-түлік дүкендері мен жәрмеңкелер, 1 халыққа қызмет көрсету орталығы, 11 спорт кешендері, 31 қоғамдық көліктер, 13 компьютерлік клубтары, 3 мәдени объектілер, 8 банкет залдары, 43 кафелер, 13 сұлулық салондары, 13 демалыс орындары, 41 діни объектілері тексеріліп, карантиндік режимді сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, шектеу шаралары бойынша 84 тұлға тексерілді. Тексеру барысында ҚР ӘҚБтК-нің 462 бабы «Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау» бойынша 31 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, ескерту жасалынды.

Сонымен қатар, Созақ АПБ-нің қызметкерлері карантин кезінде аудан бойынша 250-ден астам азық-түлік дүкені, 1 базар, 2 сауда-үйі, 3 көлік бөлшектерін сататын орындар, 15 шаштараз, 5 желімдеу орындары, 6 автожуу орындары, 1 фитнес орталық, 5 саябақ, 13 монша тесеріліп, жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Одан бөлек, Түлкібастық полицейлер қаулыда көрсетілген тармақтарды орындау мақсатында демалыс үйлерге, туристік базаларға, бассейндерге, жағажайларға т.б демалыс орындарына баруға тыйым салынатыны ескертілді. Осы талаптардың бұзылмауы бойынша хабарламалар таратылып, ескерту жұмыстары жүргізілді. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да Түркістан облысы полицейлері тарапынан тұрақты түрде атқарылып отырады.

Сондықтан, ТО полицейлері өңір тұрғындарына арақашықтық пен бетперделік режимді сақтауға, көп адам жиналатын іс-шаралар, той-жиындарды өткізбеуге шақырады. Сіздің денсаулығыңыз – ол басты байлығыңыз екенін ұмытпаңыз!