Úı ANONS Полиция 1 тоннадан астам есірткі заттарын тәркіледі

Полиция 1 тоннадан астам есірткі заттарын тәркіледі

фото ТОПД
Түркістан облысында есірткіге қарсы жүргізілген жүйелі әрі кешенді шаралар өз нәтижесін берді. Заңсыз айналымға тосқауыл қою бағытындағы жедел іс-қимыл барысында 1 тоннадан астам есірткі заты тәркіленді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Зиятаев журналистерге берген брифинг барысында мәлімдеді.
Жыл басынан бері облыс полицейлерімен есірткінің заңсыз айналымына қатысты 425 дерек анықталған. Қоғамды улайтын қауіпті індетке қарсы күресте заманауи тәсілдер де кеңінен қолданылуда. Интернет арқылы есірткінің таралуына тосқауыл қою мақсатында 1 400-ге жуық сайт бұғатталды.
Бірнеше ай бойы жүргізілген «Қарасора-2025» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шардара мен Созақ аудандарынан ірі есірткі алқаптары анықталып, мыңдаған түп қарасора мен көкнар, сондай-ақ тіркелмеген қару тәркіленді.
Есірткіге қарсы күрес тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.