Түркістан облысы полицейлері карантин талаптарын түсіндіріп, оның сақталуын бақылауда

119

 

«Түркістан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша шектеу іс-шаралары және карантин режимін енгізу» негізінде Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты барлық қала, аудандық полиция бөлім, басқармалардың қызметкерлерінен мобильдік топтар құрылып, карантин талаптарын сақтау мақсатында рейдтік ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мобильдік топ өздерінің аудан аумағындағы азық-түлік дүкені, асхана, кафе, ойын-сауық орталықтарында жалпы адамдар көп шоғырланатын жерлерде карантин талаптарын сақтау қажеттігін қатаң ескертіп, тиісті жұмыстарын жүргізуде. Оған қоса тәртіп сақшылары сенбі-жексенбі күндері барлық аталмыш орындардың өз жұмыстарын тоқтатуын бақылауда ұстауда.

Сонымен қатар, полицейлер тарапынан ірілі-ұсақты құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта ата-анасының рұқсатынсыз жүрмеуін қадағалау мақсатында түнгі уақыттағы рейдтік жұмыстары жүргізілуде.
Мәселен, Келес ауданы аумағында заңсыз жолаушылар тасымалын жою мақсатында патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары Келес ауданы әкімшілігінің қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғындар мен көлік жүргізушілері көп болатын орындарда тексеру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында облыстың бас санитар-дәрігерінің қаулысындағы көрсетілген талаптарды сақтау бойынша көлік жүргізушілеріне кеңінен түсіндіріп өтті. Барлық жолаушылар мен жүргізушілерге өз денсаулықтарыңыз үшін жауапкершілікті арттырып, арнайы бекітілген талаптарға сай қауіпсіздік шараларын қолдану ұғындырылды. Яғни арақашықтықтың сақталуы, арнайы қорғаныш құралдарымен өздерін қамтамасыз ету керектігі айтылды.

Осындай қиын кезде полицейлер ерекше қызмет түріне өтті. Осыған байланысты, ТО полицейлері өңір тұрғындарына арақашықтық пен маска режимін сақтауға, көп адам жиналатын іс-шаралар, той-жиындар өткізбеуге шақырады.

 

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі