Елімізде коронавирус инфекциясының тіркелу жағдайлары 18 пайызға төмендеді. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді.
Оның дерегінше, 23 шілдеден бастап инфекцияның репродуктік көрсеткіші тұрақты түрде азайып келе жатыр. Айтуынша, 4 апталық карантин кезінде төсек-орынның босауы 56 пайыз болған. Оның ішінде реанимациялық төсек-орындар 36 пайызға қысқарыпты. Жазылып шыққандар саны 69 пайызға жеткен.
Алексей ЦОЙ, ҚР Денсаулық сақтау министрі: «Денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің негізгі көрсеткіштерін төмендетуге қол жеткізілді. Қатаң шектеу шараларын енгізгенге дейін репродуктивтік көрсеткіші 1,2 пайыз болған еді. Карантин енгізілген соң 2 аптадан кейін репродуктивтік көрсеткіштің тұрақты түрде төмендеу үрдісін байқап отырмыз. Эпидемиологиялық тұрғыдан алғанда бұл көрсеткіштің 1-ден төмен болғаны маңызды. 4 тамызда репродуктивтік көрсеткіш Ақмола мен Қарағанды облыстарынан басқа барлық өңірде 1-ден жоғары болған жоқ».
Мақпал Рысбаева