Пандемия кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 41 пайызға көбейген

220

Карантин басталғалы елімізде отбасылық жанжал кесірінен 33 азамат ажал құшқан. Бұл туралы бүгін еліміздің ювеналды полициясы мәлімдеді. Пагондылар сөзінше биыл тұрмыстық зорлық-зомыбылық Қазақстанда 21 пайызға көбейген. Мұны мамандар әлеуметтік жағдайдың нашарларуы мен психологияның өзгеруінен көреді.

«16 наурыз бен 31 шілде аралығындағы мәліметтерге салыстырмалы талдау жасағанбыз. Биыл 31 шілдеге дейін 237 қылмыс тіркелді, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, бұл 41%-ға көп. Яғни, былтыр осы аралықта осындай 168 факт анықталған еді», дейді жауаптылар.

Карантин басталғалы Қазақстан жанұяларында тұрмыстық зорлық-зомбылық артқан. 8 айдың ішінде елімізде 617 жағдай тіркеліпті. Кесірінен 33 адам арғы дүниеге аттанған. Мұның себебін құқық қорғау мамандар отбасыдағы психологиялық жағдай мен әлеуметтік ахуалдан көреді.

Елімізде жыл басынан бері отбасының берекесін қашырған 13 мың азамат анықталған. Оның 6000 жеңіл дәрежедегі зиян келтірсе, 3000 ұрып соққаны үшін әкімшілік жазаға тартылды. Кесірінен 500 нәзік жанды оңалту орталығында жатыр. Айта кетейік, жанұядағы зорлық-зомбылық жағдайы жыл санап артып келеді. Мәселен, 2015 жылы 412 жағдай тіркелсе, қазір ол екі есе өскен.

 

Назерке Үкібасова