Президент: «Басшы қызметкерлерінің заң бұзушылығын жасырмауы керек»

126

«Басшы қызметкерлерінің заңбұзушылығын жасырмауы керек». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлық мәселелері жөнінде кеңесте осылай деді.

Президент жемқорлыққа қарсы шараларды әлі де күшейту керек деп есептейді. Әрбір әкім және министр жұмсалған қаражатқа ғана емес, оны дұрыс жоспарлауға да жауапты болуға тиіс.

Нақ осы тұста сыбайлас жемқорлыққа бару қатері көп болуы мүмкін деді президент. Сондықтан, әр басшыға жеке жауапкершілік жүктеледі. Тоқаев бас прокуратураға осындай бағалау жүйесін әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар, «мемлекеттік органдардың қызметіне жөнсіз араласуды доғарған жөн. Сыбайлас жемқорлық пен басқару ісіндегі олқылықтардың ара жігін нақты ажырата білу қажет», – деді мемлекет басшысы.

Мақпал РЫСБАЕВА